Әл Фараби ауданында 6 орынға ауызсу бұрқағы орнатылады

55

Шымкентте 5 жерде орналасқан ауызсу бұрқағы қайта іске қосылды. Субұрқақтар өткен жылы қаланың адам көп шоғырланатын орындарына қойылған, алайда қыс мезгілінде уақытша жабылған еді.

Бүгінде ауызсу бұрқақтары тұрғындарға Иляев – Қонаев қиылысы, Арбат саябағы, Түркістан көшесі 55, «Мацарелло» мейрамханасы алды мен Hyper House ойын-сауық орталығының маңында қолжетімді. Айта кетейік, Әл-Фараби ауданында жақын арада тағы 6 орынға ауызсу бұрқағы орнатылады деп жоспарланып отыр.

 Гүлдана Дәурен