Алтынға сұраныс азайды

47

Елімізде алтынға сұраныс азайды. Ел азаматтары өткен айда салмағы 61 келі болатын үш жарым мыңнан астам алтын құймасын сатып алған. Бұл наурызбен салыстырғанда 53 пайызға аз. Өйткені, ол кезде геосаяси ахуал ушығып, жұрт жинағын бағалы металлға салып сақтағысы келген еді. Алайда алтынға инвестиция құюға қызығушылар енді едәуір азайған. Бағасы да қазір арзандай түсті.

Айта кетейік, халыққа бағалы металл сату бағдарламасы басталған 6 жылда қазақстандықтар 3 тоннаға жуық алтын құймасын сатып алған.

Шынар Оразова