Әжетхананың шатырына синтетикалық есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

74

Жедел іздестіру шаралары кезінде Ордабасы АПБ-ның полицейлері жергілікті тұрғынның ауласында есірткі сақтағанын анықтады. Полиция қызметкерлері жедел түрде күдіктінің жеке басын анықтауға кірісті. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Тұрғынның үйін тінту кезінде ауласындағы әжетхананың шатырынан жасыл түсті есірткі затына ұқсас зат тәркіленді. Осылайша алынған заттарға сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысына сәйкес тәркіленіп алынған заттың салмағы 2 грамнан асатын «пирродиновалерофенон», яғни «PVP» атты синтетикалық есірткі екені белгілі болды.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Орта жастағы сезікті ер адам қамауға алынды.

Түркістан облысының тәртіп сақшылары тыйым салынған өсімдіктерді өсіру, сақтау, заңсыз есірткі саудасымен айналысу, жалпы есірткіге қатысы бар жайттар заң алдында қатаң жазаға тартылатынын ескертеді. Сондықтан заңсыз әрекеттерге бармаңыздар. Тек салауатты өмір салтын қолдануға кеңес береді.