Биыл «Жастар бағдарламасы» бойынша 800 тұрғынға жалдамалы баспана беріледі

80

Биыл Шымкентте баспананы сатып алу құқығынсыз жалға беру мемлекеттік жобасы аясында 1605 пәтер беру жоспарланған. Соның ішінде 857 пәтер кілті «Жастар бағдарламасы» бойынша табысталады.

Әлеуметтік тұрғын үйлерге кезекке 29 жасқа толмаған, тұрақты жұмыс істейтін азаматтар қатыса алады. 2020-2025 жылдарға арналған » Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жалдамалы үйді 5 жылдық мерзімге береді. Бұл жоба жастардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған.

Айта кетейік, осы жоба бойынша 2021 жылы 300 жалдамалы баспана жастар игілігіне берілді

 Әсел Мәлік