Екі бала жүксалғышта тұншығып, көз жұмды

265

Екі бала жүксалғышта тұншығып өлді, үшіншісі жансақтау бөлімінде қайтыс болды Қайғылы оқиға 19 мамырда Бозарық шағынауданда болған.

Шымкент қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19 мамырда 102 пультіне жүксалғышта үш кішкентай баланың тұншығып өлгені туралы хабарлама түскен. Полиция дереу оқиға орнына жеткен.

Анықталғандай, балалар ата-анасы жоқ кезде жүксалғышқа шығып, кейін шыға алмай қалған. Екеуі оқиға орнында көз жұмды, үшінші бала бүгін жансақтау бөлімінде көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.