Енді Еуроодаққа 10 сауда ағыны бойынша тауар жеткізу жеңілдейді.
Яғни, негізгі тауар түрлері таңдалып, олардың экспорттық-импорттық рәсімін жеңілдетеді. Мысалы, Еуроодақ елімізден өсімдік майын импорттаса, Қырғызстаннан бұршақ пен жидекті, Өзбекстаннан жеміс, көкөніс пен Тәжікстаннан кептірілген жемісті сатып алып отыр. Сонымен бірге, Ресей арқылы тасымалданған тауарларға балама бағыт та қарастырылып жатыр. Енді Ақтау теңіз портында контейнерлік хаб құрылады. Бұл осы порт арқылы жүк тасымалдау көлемін 100 мың жиырма футтық эквивалентке арттырады. Әрі транскаспий көлік бағыты арқылы алыс-берісті жолға қоюға жақсы мүмкіндік. Өйткені Батыстың көрші елге қысымы бірқатар тауар тасымалын тежеп қойды.
Шынар Оразова