Кентаулықтар табиғи газға қосылу үшін құжаттарын рәсімдеуде

135

Ағымдағы жылдың  сәуірінде Кентауға көптен күткен көгілдір отыны келді. Тиісінше, автоматтандырылған газ тарату жүйесі, магистралды газ құбырлары да толық тексеруден өтті. Айта кетейік, кеншілер қаласы аумағын газдандыру 3 кезеңмен жүргізіледі.

Кентау өаласы  52 орамдағы Сұлтанбек Қожанов көшесі тұрғындарының басы қосылса, әңгімелері табиғи газға қосылу төңірегінде өрбиді. Әсіресе, осы күнге дейін қыс мезгілінде пеш жағып қиналған әйелдер қауымы көгілдір отынды асыға күтуде.

Гүлсанат Омарова, Кентау қаласының тұрғыны: «Көршілеріміз газға қосылып жатыр. Бастапқыда 60 мың төлейсің. Сосын толық құжаттарын рәсімдеп, газ бергенде қалған 60 мыңды төлейсің. 4 баламның жәрдемақысына өмір сүріп отырмыз. Алайда газға қосылуға ақша табамыз».

Сұлтанбек Ходжанов табиғи газдың тиімділігіне көзі жеткендіктен, ертерек қамданып газ шаруашылығы серіктестіктерімен келісімшарт түзіп қойыпты. Былтыр осындай уақытта көмір, ағаш сатып алып қысқа қамданатын едік, биыл Алла бұйырса, жылу жүйесі көгілдір отынмен жылтамыз деп үміттеніп отырмыз дейді тұрғын.

Сұлтанбек Ходжанов, Кентау қаласының тұрғыны: «110 мың теңге қымбат емес. Алдымен 63 мың теңге төлейсің, техникалық шарттар құжатын әзірлеп газ берілген  соң қалғанын 63 мың теңгені , оны да жағдайың қарап 2 бөліп төлеуге болады, оны да ескерген».

Кентау қалалық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша көгілдір отынға қосылуға тұрғындардан 800 тапсырыс түскен, олардың 100-ден астамы құжаттарын түгел рәсімдеген.

Талғат Қасымбеков, Кентау қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы: «ҚазТрансГазАймақ» осы аптадан бастап  біздің  қаламызда бір филиалын  ашты. Тұрғын үйлерді газға қосу бойынша  16-17 мердігер мекеме тұрғындарға қызметтерін ұсынуда. Тұрғындар өздері таңдайды. Біз әкімдікке сол серіктестіктердің басшыларын жинап,  оларға  талап қойдық: бірінші кезекте жұмыстың сапасы және  жүйенің  қауіпсіздігі «.

Кентаулықтардың табиғи газға қосылу үшін құжаттарын дер кезінде рәсімдеуіне жағдай жасалған. Қызмет түрлерінің цифрландыруына байланысты Халықтық кеңседе барлық мағлұматты алады. Және осындағы газ мекемесінің мамандарынан қажетті құжаттар жиынтығы жайлы біледі.

Ислам Сапаров, «КазТрансГаз Аймақ» АҚ Кентаудағы  өкілі: «Жеке куәлік керек, Мемакті, үйдің техникалық жоспары, меншік иесі, қазандықтың төлқұжаты және өтініш тапсырасыздар. Екі аптада барлығы дайын болады,  ары қарай  таңдаған мердігермен бірге  жұмыс жасайсыз».

Сала мамандары кентаулықтарды уақытты жіберіп алмай тез арада құжаттарды жинап, жазда газға қосылуға әрекеттенуге шақырады. Өйткені, табиғи газға қосылу талаптары қатаң. Ол алдымен өздеріңіздің қауіпсіздіктеріңіз үшін,- дейді мамандар. Айта кететін жәйт, Кентауды газдандыру 3 кезеңмен жүргізіледі. Қазір бірінші кезеңі аяқталды. Автоматтандырылған газ тарату стансасы да магистралды газ құбыры да толық тексеруден өтті.

Шынар Оразова