Қазақстанда 673 сайтқа тыйым салынды

117

Елде 673 сайтқа тыйым салынды. Ақпарат тарату талаптарын сақтау бойынша республикалық және өңірлік басылымдар, телеарналар, жергілікті әрі шетелдік интернет ресурстар үнемі тексеріліп тұрады.

Сала министрлігі заңсыздыққа жол берген 673 сайттың қызметін шектеді. Себебі, оларда экстремизм насихатталып, порнография таратылған. Есірткі, психотроптық заттарды насихаттағандары да болған.

Ойын бизнесі, жарнама, әкімшілік құқық бұзушылық пен алаяқтық деректері тіркелген. Тиісті комитет бұқаралық ақпарат құралдарын тіркеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сәуірде 22-сі тіркелген. Тағы 38 ақпарат алаңы қайта тіркеуден өткен.

Шынар Оразова