Референдум-2022: Кентау қаласында 56 796 адам дауыс беру құқығына ие

97

5-ші маусымда өтетін республикалық референдумге 108 мың халқы бар Кентау қаласынан 56 796 адам дауыс беру құқығына ие.

Осы аптаның жексенбісінде өтетін саяси шараны өткізуге 35 референдум учаскесі дайын. Онда 247 комиссия мүшелері жұмыс атқарады.  Айтуларынша , референдумге шақырту қағаздары түгел  таратылған. Қалалық қоғамдық штаб мүшелері, белсенді, саяси партиялардың мүшелері халық арасында үгіт -насихат жұмыстарын жүргізіп, Ата заңымыздағы өзгерістер мен толықтырулар  жайлы түсіндіруде. Кеншілер қаласындағы 1 мыңнан астам дауыс берушілер тіркелген №41 учаскеде кезекшілік ұйымдастырылған.
Гүлшат Бахалиева, Кентау қаласындағы №41 учаскелік рефрендум комиссиясы төрағасының орынбасары: «Біздің № 41 учаскеде 1403 дауыс береді деп күтілуде. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы бұрыш, пандус қарастырылған, жалпы  барлық жағдай жасалған».

Айта кететін жәйт, референдумның мемлекет және әрбір азамат үшін маңыздылы , негізгі заңымыз -Конституцияға  енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайлы қала әкімдігі бейнеролик жасап, ол әлеуметтік желіде таратылуда. 5-ші маусымда өтетін жалпыхалықтық рефрендумде әр бір азаматтың дауысы маңызды екені кезекті рет ескертілуде.

Шынар Оразова