Шымкентте Ғ. Іляев көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

216

Шымкентте тағы бір көшені кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Ғани Іляев көшесіндегі орташа жөндеу құрылыс жұмыстарының барысында кең жаяу жүргіншілер, веложолдар пайда болып, ирригациялық жүйелер де ретке келтірілмек. Құрылысы былтыр қыркүйекте бастауын алған нысан ағымдағы жылы тамызда пайдалануға берілмек. Жолдың құрылысына бюджеттен — 512 млн. теңге бөлінген.

Шаһардың негізгі көшелерінің бірі саналатын Ғани Іляев көшесінде орта жөндеу жұмыстары қарқын алған. Мердігер компания құрылысты былтыр қыркүйек айында бастап, жылдың соңына дейін Қонаев даңғылына дейінгі аралықта жұмыс жүргізді. Биыл сәуір айынан бастап Бейбітшілік көшесіне дейінгІ аумақта құрылыс жүруде.

Бекжан Жайықбаев, «Береке Корпорациясы-А» ЖШС учаске бастығы. Жолдың ені 15 метр, 3 жолақты болады. Нысанды тамызда бітіреміз деп жоспарлап отырмыз. Құрылыстың құны  512 млн теңге».

Мердігерлер жобалық- сметалық құжатта қаралған жарты млрд қаржының жартысын былтыр игерсе, қалғанын ағымдағы жылы кестеге сәйкес жұмсап жатыр. Орташа жөндеу барысында жолдың ені 15 метрге кеңейтілетіні жақсы болды дейді құрылыс саласында 10 жыл еңбек еткен Марат Қасенов.

Марат Қасенов, жұмысшы: «Құдай қаласа, міне, жолды кеңейтіп жатырмыз. Жұмыс болғаны жақсы бала шағамызды бағып жатырмыз».

Құрылыс барысында Ғани Іляев көшесі жолының ені кеңейіп қана қоймай, жаяу жүргіншілер жолының да ауқымы бұрынғыға қарағанда артады. Сонымен қатар жол бойындағы жарамсыз су қашыртқылары жаңартылады. Ең бастысы бұл көшеде бұрын болмаған веложол қарастырылған. Айта кетейік, бұл жұмыстар Шымкент республикалық қалалар мәртебесіне сай болуы үшін негізгі көшелерді заман талабына сәйкестендіру мақсатында қолға алынған.

Шынар Оразова