895 жаяу бағыттағы Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторлары Анаров және Төле би көшелерінің қиылысында істен шыққан бағдаршамды реттеп, қызмет атқару барысында жергілікті тұрғын көмек сұрайды. Айтуынша, сол маңдағы Қапал батыр көшесіндегі көпірден адам өз-өзіне қол жұмсамақ болып, көпірдің жақтауында секіргелі тұрғанын көрген. Аталған жайт күндізгі уақытта орын алған.
Бұл жағдайға бей-жай қарамаған тәртіп сақшысы дер кезінде оқиға орнына жеткен. Ер адамның көпір жақтауына шығып секіруге оқталғанын көреді. Оны сөзге тарта отырып, жедел әрекет етіп, жанына жақындап қауіпсіз жерге шығарады. Осы оқиға полицейдің бейнежетонына жазылған. Сондай-ақ, Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларында азамат алдымен жолда жүріп жатқан көліктердің астына түспекші болғаны белгілі болды.
«Күнделікті жұмысқа келгенде бірінші ойым – қоғам тыныштығын сақтап, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Менің осы уақытқа дейінгі қызмет барысымда бұндай жағдай бірінші рет орын алып отыр. Менен көмек сұрағанда, бірден ол адам мен жеткенше жаман қадамға бармай, өмірін құтқарып қалсам екен деген ниет болды. Аллаға шүкір, азаматты құтқарып үлгердік, ол дін аман»,-деді полиция аға лейтенанты Жанболат Тастахов.
Өмірімен қош айтыспақ болған азаматтан, мән-жайды анықтау үшін Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жеткізіліп, үйіне қайтарылды. Полиция қызметкерлері жедел әрі үлесімді әрекеттерінің арқасында тұрғынның өмірін құтқарып қалды.