Танысының жылқысын 1 млн. теңгеге сатып жіберген

122

Түркістанда «жылқыңды үйретіп беремін» деп, сатып жіберген күдікті ұсталды. Төлеби аудандық полиция бөліміне шымкенттік тұрғын арызданған.

Айтуынша, ауданда орналасқан мал қорасында алыс танысы 2019 жылдан бері жылқысын мінуге үйретіп беріп жүрген. Ал 2021 жылдың соңында өз үйіне алып кетіп, сатып жіберіпті. Салдарынан жәбірленушіге 1 000 000 теңге материалдық шығын келтірген.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы 1-бөлігі «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдікті бақташыны құрықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Анықталғандай, күдікті жылқыны Сайрам ауданындағы мал базарға сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мөлдір Ибадуллаева