Тұрғын үймен қамту мәселесі

63

Есепті кезеңге Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу кезегінде 46 426 азамат тіркеліп, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға өсті. Оның ішінде:
жетім балалар – 1 752 азамат;
көпбалалы отбасылар – 8 666 азамат;
халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы – 15 910 азамат;
мемлекеттік қызметшілер – 20 071 азамат;
жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар – 27.
Сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үймен қамтамасыз ету. 2021 жылдың басында 976 отбасыны сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үймен қамту жоспарланып, 9 айдың қорытындысы бойынша 682 отбасы қамтамасыз етілді (жетім балалар – 25, көпбалалы отбасы – 176, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы – 181, жұмыс істейтін жастар — 300). Қалған 294 отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету жыл соңына дейін жүзеге асырылады.
Одан бөлек, кезекте тұрған азаматтарды және жұмыс істейтін жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 1 580 пәтер сатып алу жоспарланып, қазіргі таңда, Тұран шағын ауданында 48 пәтер (1 бөлмелі – 12, 2 бөлмелі – 24, 3 бөлмелі – 12) сатып алынды. Сатып алу жұмыстары жалғасуда.
Кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз ету.
«Бақытты отбасы «2-10-20» бағдарламасы бойынша 216 отбасы (көпбалалы отбасы – 79, мүгедек бала асыраушы отбасы – 120, толық емес отбасы – 17) тұрғын үймен қамтамыз етілді.
«5-20-25» бағдарламасы бойынша «Отбасы банкі» арқылы кредиттік тұрғын үймен 727 азамат қамтылды. Оның ішінде: 261 азамат тұрғын үй кезегінде тіркелгендер (мемлекеттік қызметші – 208, көпбалалы отбасы – 9, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы – 44).
«7-20-25» бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банктер арқылы несиелендіру шартымен 1 362 азамат тұрғын үймен (қаладағы бірінші нарықтағы пәтерлер) қамтамасыз етілді.
«Шаңырақ «5-10-20» бағдарламасы аясында жылдың соңына дейін 1 728 пәтерді «Отбасы банкі» арқылы несие негізінде үлестіру көзделуде.
Сонымен қатар, кезекте тұрған азаматтарға ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде 500 млн. теңгеге тұрғын үй сертификаттарын беру қарастырылып, ағымдағы жылдың 9 айы бойынша 143,2 млн.теңгеге 155 тұрғын үй сертификаттары берілді.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Тореайм Султанова