Úı ANONS Ұрлық жасаған күдікті Шымкенттегі тергеу изоляторынан қашып кетті

Ұрлық жасаған күдікті Шымкенттегі тергеу изоляторынан қашып кетті

Ұрлық жасаған күдікті Шымкенттегі тергеу изоляторынан қашып кетті, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Белгілі болғандай, 11 мамырда мұнай-газ құбырынан ұрлық жасады деген айыпталушы тергеу изоляторынан қашып кеткен.

«Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатқан адамды іздестіру және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Аталған факті бойынша Шымкент қалалық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына сәйкес, тергеу мәліметтері мен өзге де мәліметтер жария етілмейді», — деді Шымкент қаласы мен Түркістан облысының Қылмыстық Атқару жүйесі департаменті өкілдері.

Күдіктінің қалай және қайда қашқаны әзірге белгісіз.