Утилизациялық алымның мөлшері екі есе азайтылды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тиісті бұйрықты шығарды.
Онда утилизациялық алымды есептеу әдістемесіне өзгеріс енгізілген. Яғни, коэффицент екі есе азайып отыр. Қолданыстағы мөлшерлеме бойынша автокөліктер үшін қозғалтқыш көлеміне қарай 459 мың теңгеден 3 миллион 522 мың теңгеге дейін төлеу керек.
Енді жаңа тарифтер бойынша утилизациялық алым мөлшері 229 мың теңгеден 1 миллион 761 мың теңге аралығында болады. Бірақ, құжат 14-мамырдан бастап күшіне енеді. Оған дейін әкелінген машиналар ескі мөлшерлеме бойынша есептеле береді.
Шынар Оразова