Зейнетақыға қосымша үстемақы қашан қосылады?

22
фото ҚазАқпарат

«ОТЫРАР» медиахолдингінің редакциясына уәде етілген зейнетақы өсімі қашан қосылады деген сұрақпен жүздеген хабарламалар түсті.

Біз тиісті органдарға хабарласқанымызда, олар «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес 2022 жылдың сәуір айында зейнетақылар мен жәрдемақылар қайта есептелді.

«Жаңа мөлшердегі зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларындағы айырмашылықты қосымша төлеумен 2022 жылдың маусым айында жүзеге асырылады», – деп түсіндірді ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменттің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің мамандары.

Ведомство алаңдамауға және тек сенімді ақпаратқа сенуге шақырады.