Мемлекеттік «Жаспар практикасы» бағдарламасының мерзімі ұзартылды. Сонымен қатар жалақы 30 АЕК-ке көтерілген. Бұл дипломын қолға алып, мамандық бойынша жұмысқа іздеген жастарға үлкен көмек. Осы жылы Шымкентте 2000-нан аса жас маманды жұмыспен қамту жоспарлануда.
«Жастар практикасының» шарапатын көргендердің бірі — Ерлан Ескермес. Ол жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін жұмыссыз жүріп қалған. Жас маман мемлекеттік жобадағы өзгерістер туралы ести сала, жұмыспен қамту орталығына өтініш тастапты. Қазір жергілікті мектептердің бірінде математика пәнінен сабақ беріп, тәжірибе жинауда. Ал келесі оқу жылынан бастап, мектепке толыққанды қабылданатынын қуанышпен жеткізді.
Ерлан Ескермес, жас маман: «Мен Евразия Ұлттық университетін механика мамандығы бойынша 2019 жылы бітірдім. 2019 қайта магистратураға түсіп,2021 жылы сол университетте бітірдім. бұл бағдарламаны 2022 жылы ақпан айында естіп өтініш тастап, жұмысқа кердім».
Биыл жұмыспен қамту жобасына бірқатар өзгеріс енгізілді. Мысалы осы жылы өтініш берген жастар, бағдарлама негізінде 12 айға дейін жұмыс жасай алады. Ал жалақы көлемі 30 АЕК-ке дейін өсіп, 91 890 теңгені құрады.
2022 жылға 2098 қала тұрғынын жұмысқа орналастыру жоспарланған. Бүгінге дейін аталған бағдарлама бойынша 919 жас маман жолдама алып үргерген. Айта кетейік бұл жобаға оқу бітіргеніне 3 жылдан аспаған, 29 жасқа дейінгі еліміздің кез келген азаматы қатыса алады.
Әсел Мәлік