Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы арқылы алғашқы көлік берілді

196

Бүгін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы арқылы алғашқы көлік берілді. Елордалық азамат  6,5 млн. теңгеге 4 пайызбен көлік алды.

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 16 наурыздан бері бір ғана банкке 6 мыңнан аса өтініш түскен. Центр Кредит банкінің өкілдері бүгін 10-ға жуық азаматқа осы бағдарлама арқылы несие берілетінін жеткізді. 

Қазір автосалондарда жеңілдетілген несие беру қарқынды жүріп жатқаны байқалады. Тұрғындардың өтінішін 3 екінші деңгейлі банк қабылдап жатыр. Бүгін бұл қатарға тағы бір банк қосылуға тиіс.

Еске салайық, жеңілдетілген автонесие бастапқы жарнасыз беріледі. Бұған дейін азаматтар нарықта көлік тапшы екенін айтқан. Автокәсіп қауымдастығы елде биыл үш айда 213 млрд теңгеге 22 мыңнан аса техника шығарылғанын айтты. Олар көлік құрастыру алдағы уақытта артатынын мәлімдеді.

Шынар Оразова