Жер учаскелерін сатып алуға қатысты жаңа пилоттық жоба енгізіліп жатыр

95

Жер учаскелерін сатып алуға қатысты жаңа пилоттық жоба енгізіліп жатыр. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы айтты.

Бұрын жер учаскесін сатып алу конкурс арқылы ұйымдастырылса, енді аукцион арқылы сатылады. Түскен пайда мемлекет қазынасына жіберіледі. Жер телімдері негізінен кәсіпкерлік мақсатқа бағытталған. Бұл процесті жеңілдету мақсатында кадастрлық карта әзірленген.

Ал жер учаскелерін egov.kz порталында аукцион арқылы ұсыну жобасы іске қосылды. Алғашқы телім аукционы Ақтөбе қаласында өтті. Келер айдан бастап жобаны еліміздің барлық өңірінде енгізу жоспарланып отыр,

Шынар Оразова