Алкоголь өнімдерін өндірумен айналысқан жасырын цех анықталды

61

Шымкентте есепке алу-бақылау маркаларын пайдалана отырып, контрафактілік алкоголь өнімін өндірумен айналысқан астыртын цех анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті жасырын түрде жұмыс істеген цех қызметінің жолын кесті.

Тінту кезінде жалпы саны 3 мың бөтелкеге жуық 3 түрлі контрафактілік алкогольдік өнім табылып, тәркіленген. Сот үкімімен ұсталған азамат қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 531 500 теңге айыппұл салынды.

Әлібек Әбділов,ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі: «1000 литр алкоголь, алкогольдік өнімдерді өндіруге арналған аппарат, контрафактілік есепке алу-бақылау маркалары және 20 000-нан астам бос бөтелкелер табылып, тәркіленді. Тәркіленген контрафактілік алкоголь өнімі жойылуға жатады».

Гүлдана Дәурен