Цифрлық майнинг үшін төлемақыдан үш айда бюджетке 652 млн теңге түсті

66

1-ші тоқсанның қорытындысы бойынша цифрлық майнинг үшін төлемақыдан бюджетке 652 млн теңге түсті.

Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратынша, биыл 1 қаңтардан бастап цифрлық майнинг үшін төлемақы енгізілді. Цифрлық майнинг саласында қызметін жүзеге асыратын тұлғалар төлемақы төлейді. Салық қызметті жүзеге асыру кезінде тұтынылған электр энергиясының нақты көлемі үшін алынады.»Төлемақы есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, тоқсан сайын төленеді. Оның сомасы электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 1 теңгені құрайды», — деді комитеттегілер.

Цифрлық майнинг үшін төлемақы 12 өңірдің төлеушілерінен түскен. Олардың арасында Нұр-Сұлтан қаласынан – 277,3 млн теңге , Түркістан облысынан 2,2 млн теңге қазынаға түскен. Қазіргі таңда парламент цифрлық майнинг үшін төлемақы ставкасын ұлғайтуды көздейтін заң жобасын қарастырып жатыр.

Шынар Оразова