Республикалық «Түркістан дауысы» байқауының жеңімпазы анықталды

75

Түркістан облысының 4 жылдығына орай, биыл екінші рет ұйымдастырылған республикалық «Түркістан дауысы» ән байқауы өз мәресіне жетті.

Екі күн бойы еліміздің әр өңірінен келген 17 жас әнші Қазақстан композиторларының әні мен өзі таңдаған шығарманы вокалды инструменталды ансамбль сүйемелдеуімен орындап шықты.

Байқауға ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор Медеу Арынбаев, «Құрмет» орденінің иегері, композитор Бейбіт Оралұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Маржан Арапбаева, Өзбекстанның халық әртісі Мансур Ташматов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Жанар Дұғалова қазылық етті.

Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлде иегері Алматы облысының қатысушысы Алмагүл Батталиева атанса, 1-орынға шымкенттік Дидар Абдухалық пен Ақтөбеден келген Бахтияр Ақылбек лайық деп танылды. Жеңімпаздарға Гран-при кубогынан бөлек, арнайы жүлделер мен дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды.

                                                                                                 Мөлдір Ибадуллаева