Шымкентте ағашқа соғылған автокөлік аударылып кетті

77

Шымкентте Lexus  маркалы автокөлік ағашқа соғылып, аударылып кетті. «Шұғыл шақырылым» бағдарламасы тілшісінің хабарлауынша Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы бойындағы «Наурыз» саябағы маңында оқыс оқиға орын алған.

 

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Lexus жүргізушісі соқтығысудың алдын алу үшін көлікті күрт бұрған сәтте, тізгінге ие бола алмай, аллеяға кіріп кеткен. Ол сол мезетте ағашты, шамдарды соғып өтіп, аударылып кеткен. Сол маңдағылар жедел жәрдем шақырып, оқиға орнына полиция қызметкерлері жеткен.

Lexus жүргізушісі жеңіл жарақат алғанын айтып, ауруханаға жатудан бас тартты.