Шымкентте ұландықтар адамды өлімнен арашалап қалды

102

2022 жылдың 9 маусымында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметтерін атқарып жүрген Ұлттық ұлан 6506 әскери бөлімінің сарбаздары бөлімге қайту үшін жиналып жатқан кезде «Көмектесіндер!» деген әйел адамның дауысын естиді. Дауыс шыққан жаққа жөнелген сарбаздар, белгісіз азаматтың өз үйінің ауласында ағашқа асылып тұрғанын байқайды.

— Қызмет аяқталған кезі еді, сағат 23.25 шамаларында әйел адамның көмекке шақырып жатқан дауысын естідік. Ойланбастан дауыс шығып жатқан жаққа бір жасақ боп барған кезіміз еді, асылып тұрған азаматты көріп, асылып тұрған жерінен шешіп алдық, — дейді бөлімнің сарбазы қатардағы Артем Ивушкин.

Сарбаздар алғашқы медициналық көмек көрсеткен соң, ер азамат есін жыйды. Кейін, мекен-жайға 103 бригадасы шақырылып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлері оқиға орнына келді.