Шымкентте жыл басынан бері 4 адам суға кеткен

72

Шымкентте жыл басынан бері 4 адам суға кетіп, мерт болды. Осылай деген қалалық төтенше жағдай департаменті оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында рейд жұмыстарын жүргізуде. Мамандар Отырар телеарнасының түсірілім тобымен «Бадам» өзеніне барды. Тиым салынған орында суға түскен балаларға қандай шара қолданылады? Олар шектеу туралы біле ме?

Су мөлшері аз болса да, жүзе алуды білсе де қауіпті. Өйткені, мұнда үшкір тастар көп. Осылай деген Шымкент қалалық төтенше жағдай департаментінің өкілдері рейд барысында бірнеше баланың тиым салынған орында шомылып жатқанын байқады. Мамандар бірден түсіндірме жұмысын жүргізіп, ескерту жасады.

Бадам» өзенінің суы аса қатты мұздай емес. Бірақ, мұнда көріп тұрғандарыңыздай судың ағысы қатты. Сондықтан бұл жерде шомылуға рұқсат етілмеген. Әрі мұнда ешқандай жағдай жасалмаған.

Жалпы, жыл басынан бері мегаполис бойынша 4 адам суға кетіп, қаза болған. Шомылу маусымының енді ғана басталғанын ескерсек, бұл әрине қорқынышты статистика. Сондықтан, төтеншеліктер алдын алу жұмыстарын барынша күшейтуде.

Зарипа Тұрысбекова, Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі: «Осы шомылу маусымында балалармен байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында біз күнделікті рейдтік жұмыстарды ұйымдастырамыз. Қайғылы оқиға. Тиым салынған, жабдықталмаған жерде балалар осы шомылуға барған. Суға батып кеткен жасөспірім».

Рейд барысында тиым салынған орынға шомылып жатқан балалар анықталса алғашында ескерту беріледі. Ал егер жағдай бірнеше рет қайталанса, ата-анасына шара қолданылады дейді мамандар.

Яғни, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 364 жалпы су пайдалану қағидаларын бұзу бабы бойынша екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады.

                                                                                           Мөлдір Ибадуллаева