Шымкенттік тәртіп сақшылары қарттарға қамқорлық көрсетті

110

Жаңа Қазақстанға, жаңа бастама, құтты қадамды бастаған алдымыздағы 23-маусым күні мерейтойын тойлайтын Шымкент Қалалық Полиция Басқармасының бастығы полиция генералы Дәлбеков Қайрат Сұлтанбайұлының және Еңбекші Аудандық Полиция Бөлімінің бастығы полиция полковнигі Әмзеев Алмаз Балтабайұлының басқарған ұжымы полиция күніне орай мейрімділік -мерекелік іс шара өткізіп қарттар мен мүгедектер үйіне арнайы келіп, қарттар мен мүгедектерге көтеріңкі көңіл сыйлады!

Жаңа Қазақстанға жаңа қадам бастамасы атты керемет іс шара өткізіп берді. Арнайы келген қонақтарға мекеме басшысы Шырынбекова Шәрбат Оразәліқызы ақжарма ыстық лебізі мен қарттар атынан алғысын білдірді.

Полиция күніне орай мейрімділік -мерекелік іс шара өткізген Шымкент Қалалық Полиция Басқармасына және Еңбекші Аудандық Полиция Бөлімінің басшыларына Жаңа Қазақстанға, Жаңа бастама, құтты қадам жасап жатқан Шымкенттік Ішкі Істер басқармасына және Еңбекші аудандық полиция бөліміне сәттілік жар болып Ақ жол болсын!

Мамбетқұл Құрманбаев