Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші аудандағы Қоғамдық бақылау кеңесінің мүшелерімен және аудан тұрғындарымен кездесуінде 48 мәселені өзекті деп танып, хаттамалық тапсырма берген еді.
Бүгінде аталған 48 тапсырманың 15-і орындалып, 10-ы тұрақты бақылауға алынған. Бұл жұмыстар 2023 жылға өтпелі. Ал 23 мәселе жыл соңына дейін толығымен шешіледі дейді жауаптылар.
Ал қала басшысы Еңбекші ауданының белсенді тұрғындарымен кездесуде қала аумағына енген елдімекендердің инфрақұрылымдық жағдайын жақсартуды күн тәртібінен түспейтінін жеткізді. Яғни, алдағы уақытта да кезектегі 23 мәселенің орындалуын тұрақты бақылап, нәтиже беруін қадағалаймын деді.
Мөлдір Ибадуллаева