Úı ANONS Шымкент әкімі Берденовке жасалған атыс туралы алғаш рет пікір білдірді

Шымкент әкімі Берденовке жасалған атыс туралы алғаш рет пікір білдірді

фото egemen.kz

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың қатысуымен Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихаты өтіп жатыр. Брифинг барысында тілшілер тарапынан сауалдар қарша борады. Басым бөлігі қалаға қатысты жағымды жаңалықтарға байланысты болса, кейбірі үшінші мегаполистің тек минус жақтарын тергендей болды. Қайталама сұрақтарда сан жоқ. Соның бірі Ғабит Сыздықбековтың бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуыл туралы болды. Қала әкімі бұл туралы өзінің пікірін білдірді.

«Мен әкім ретінде қылмыстық немесе әкімшілік процестерге, кез-келген басқа процеске араласуға құқым жоқ. Бұл үшін арнайы органдар бар. Сот шешімін қабылдады. Хейттердің көп болғандығы айтылды, мен оны хейтпен байланыстырмаймын. Ондай ешқандай хейт болған жоқ. Мүмкін, біреу бірдеңе айтқан шығар», – деді қала басшысы.

Қала әкімінің айтуынша, Шымкентте ресми тіркелген 1 миллион 200 мың адам болса, негізінде 2 миллионнан астам адам тұрады және олардың жеке тұлға ретінде әрқайсысының қоғамда орын алып жатқан оқиғаларға өз көзқарасы бар.

«Әр кезде біреу бірдеңе жазады, уақыты бар адамдар болады. Сондықтан мен сіздер айтқандай хейт болғанын мойындай алмаймын. Қауіпсіздік күшейтілді. Арнайы полиция бөлімі күзетіп жатыр», – деп түйіндеді сөзін Ғабит Сыздықбеков.

Сондай-ақ, әлеуметтік желіге байланып, бәрін бақылап отыратындай уақыты да жоқ екенін айтып қалды. Тек қана фейсбук, инстаграм, телеграмда ғана ресми парақшасы бар екендігін және оны баспасөз қызметі жүргізетіндігін тілге тиек етті.