Үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған 16 жасар қыз Алматыдан табылды

0

Ордабасы АПБ-ға 28.06.2022 жылы жергілікті тұрғын арызданып келген. Онда ер адам 1 күн алдын таңғы сағат 08:30 шамасында қарындасы үйінен шығып кетіп, содан хабарсыз кеткенін көрсеткен. Жасөспірімнің ағасы өз бетінше іздеулерінен еш нәтиже шықпаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұрап келген.

Ордабасы АПБ-нің қызметкерлері ақпарат алысымен толық құрамда қызды іздеуге кірісті. Халық көп шоғырланған аймақтарға қыздың суреттері ілініп, аудандық, қалалық полиция бөлім, басқармаларына, тіпті республика көлемінде полицияларға бағытнамалар жіберілді. Тәртіп сақшылары жоғалған 16 жасар қызды тез арада табу мақсатында такси жүргізушілерінен, көріп немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді.
Соның нәтижесінде полицейлермен 1 тәулік ішінде қыздың жүрген жері анықталды. Ол Алматы қаласы саябақтарының бірінде қыдырып жүрген жерінен табылды. Қазіргі таңда жасөспірім қыз ата-анасына аман-есен табысталды.
Полиция қызметкерлерінің арқасында анықталғандай жасөспірім қыз анасымен сөзге келіспей үйінен шығып кеткен. Өз кезегінде қызының дін-аман табылғанына қуанған туыстары полицейлерге алғысын білдірді.