Жаңа Қазақстан: Барлық азаматтар сапалы байланыспен қамтамасыз етілуі тиіс

95

Елімізде ұялы байланыс желілерінің сапасы артып келеді. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағытында аймақтарда жұмыс қарқын алған.

Түркістан облысында бір жарым млн-нан астам халық мобильді интерент желісімен қамтамасыз етілген. Қамтылмаған ауылдарды байланысқа қосу мақсатында әкімдік және цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы тарапынан жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Елнұр Өтебаев, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысы: «Түркістан  қаласында тұрғындарға әлеуметтік байланыс қолайлы болу үшін 3G,4G және 5G мобильдік желісі қосылуда. Облыста 838 елді мекен болса, олардың 618-і ұялы байланыс құралымен қамтамасыз етілген. Халқы ең тығыз орналасқан өңірде 2 млн 200 мыңдай адам тұрады.
838 елді мекененнің 618-і 3G және 4G байланыс арнасымен қамтамасыз етілген. Ол шамамен 1 700 000 адам. 146 елді мекен 2G мобильді желісімен қамтамасыз етілген. Өкінішке қарай,  26-ы  сапасы өте  төмен ұялы байланыс арнасымен қамтамасыз етілген болса, 74 ауылдық елді мекенімізде мүлде интернет жоқ. Осы бағытта облыс әкімдігі және   цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы тарапынан арнайы министрлікпен «регулятор» дейді цифрлық даму министрімен тиісті жұмыстар жасалып,  ағымдағы жылы 124 елді мекенді сапалы ұялы байланыс арнасымен қамтамасыз ету мақсатында тізімге қостық. Бұл елді мекендерде  KCELL АҚ тарапынан жұмыс жүргізілуде. Жұмысты  ағымдағы жылдың соңында аяқтау жоспарда. Оның ішінде 64 жаңа базалық станция орнатылмақ, 60-сы модернизациялау жұмыстары арқылы 3G-дан 4G  қарай қосылатын болады.

Билайн ағымдағы жылдың соңына дейін  40 елді мекенді 4G базалық станцияларымен қамтымақ. Олар Арыс, Шаян, Қазығұрт, Жіңішке, Мақтарал ауданында Жалын ауылы, Жетісай ауданында Қоғалы ауылы, Ордабасы ауданында Темірлан, Шұбарсу, Қажымұқан елдімекендері, Сарыағаш ауданында Достық ауылы, Келес ауданында Абай ауылы, Созақ ауданында Созақ елдімекені, Сауран ауданында Иқан  ауылы, Кентау қаласында Қарнақ ауылы.  Бұл, басқарманың министрлікпен жүргізген жүйелі жұмысының айқын нәтижесі.

Елнұр Өтебаев, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысы: «2022 жылдың соңында  облысымыз бойынша 55 ауылдық елді мекен проблемалық болып қалады. Оларды сапалы ұялы байланыспен қамту бағытында министрлікпен түзілген даму жоспары бар. 2025 жылға дейін тиісті жұмыстар атқарылады. Осы тұста  мынаны ескерген жөн, 250 адамнан төмен халқы  бар ауылдарды, өкінішке қарай, ұялы байланыс арнасымен қамтамасыз етуге мүмкіндік болмайды. Ол қойшылар тұратын ауылдар, адам аз тұратын көшпелі ауылдар. Бірақ даму әлеуеті бар ауылдардың бәрі , халқының саны өсіп  жатқан  ауылдар,  ұялы байланыс арнасымен қамтылатын болады. 2025 жылғы жоспарға сәйкес».

Сонымен қатар, облыста халық көп шоғырланған орындарда, орталықтарда WIFI мобильдік интернет қосымшасы орнатылған. Атап айтқанда, Түркістан, Арыс , Кентау қалаларында жалпы алғанда, 32 жерде орналастырылған. Айтакететін жәйт, құрылғылар қоғамдық орындар, жастар орталықтары, саябақтарда орнатылған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауында цифрлық теңсіздікті жою, интернетке барынша қол жеткізуді және барлық азаматтарды сапалы байланыспен қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударды. Сондықтан, аймақтарда бұл бағытта жұмыстар жалғасатын болады.

Шынар Оразова