Сайрам ауданында саунаға келген жігіттерді аяусыз соққыға жыққан күзет қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты. Осыдан шамамен 8 ай бұрын Түркістан облысы Сайрам ауданында демалыс кешеніне келген 4 жігітті күзет агенттігінің қызметкерлері тепкіге жығып, салдарынан 27 жастағы азамат есін жимастан қайтыс болған еді.
21 шілде күні оқиғаға қатысты күдіктілерге сот шешімі шықты. Алайда айыпталушылардың үшеуі рақымшылыққа ілініп, жазадан босап үлгерді.
Сайрам ауданында саунаға келген жігіттерді таяқтың астына алған күзет қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты. Кісі өлімімен аяқталған қанды оқиға 2021 жылдың қараша айында болған еді. 4 азамат жұмыстан шыққан соң кештетіп демалыс орнына суға түсуге барған. Алайда, сол жерде күзет агенттігі қызметкерлері оларды аяусыз соққыға жығады. Күзетшілердің бірі 27 жастағы азаматқа қол жұмсайды. Салдарынан, 1 жігіт қайтыс болып, тағы үшеуі зардап шеккен.
Құрманғали Дүйсебеков, Сайрам аудандық сотының төрағасы: «Сотталушылар Орынбасаров, Өмірәлі, Қайшыбек, Құрал және Байымбетовтер 2021 жылы 3 қарашада түнгі сағат 02:30 шамасында Сайрам аудандық Ақсукент ауылы Шаймерденов көшесінде орналасқан «Манкент» демалыс комплексының ауласында жәбірленушілер Еламан Мәліковке, Нұрпейіс Мәліковке, Ақтөре Мыразбековке, Ерболат Құдайбергеновтерге қарсы күш қолданып, оларға дене жарақттарын салған».
21 шілде күні Сайрам аудандық сотында аталған оқиғаға қатысты іс бойынша 5 азаматқа үкім шықты. Сотталушылардың бірі – 9 жыл, енді біреуі — 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал тағы 3 айыпталушы азамат бұзақылық бабымен кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасына кесілді. Бір қызығы соттың шешімімен аталған 3 айыпталушы да рақымшылыққа ілініп, жазадан босатылды».
Құрманғали Дүйсебеков, Сайрам аудандық сотының төрағасы: «Олардың іс әрекеттері ҚК 106-бабы 3-бөлігімен, Орынбасаров пен Өмірәліге қатысты 106-баптың 3-бөлігімен және 293-баптың 2-бөлігі 1-2 баптарымен сараланды. Қалған сотталушылар Құрал, Байымбетов, Қайшыбек олардың іс-әрекеттері Қылмыстық Кодекстің 293-бабының яғни, адамдар тобы болып бұзақылық жасаған, 2 бөлігінің 1-2 тармақтарымен іс-әрекеттері сараланды. Осы баппен оларды 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай» жарияланған рақымшылық жасау туралы Заңына сай аталған азаматтар қылмыстық жауапкершіліктен босатылды».
ЗСонымен қатар, қайтыс болған Еламан Мәліковтың заңды өкілдері берген азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылып, сотталушы Елдос Өмірәліден жәбірленуші тарапқа 4,5 миллион теңге моральдық залал өндірілді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Гүлдана Дәурен