Шымкентте қызық оқиға орын алды. Үшінші мегаполистің тұрғыны «әділдік» талап етіп әкімдікке келді. Қала тұрғыны тұрғын үй бөлімінің басшысы Жанат Өтебаеваға баспана кезегін алға жылжыту үшін 200 000 теңге жібергенін айтты. Бұл сомаға жәбірленушіге Шымкенттегі жаңа үйлерден пәтер уәде етілген көрінеді.
Уәдені күтпестен, әйел ақшаны қайтаруды не болмаса уәде етілген баспана беруді талап етіп, әкімдікке келген. Оны тұрғын үй бөлімінің басшысы Жанат Өтебаева өзі қарсы алды. Белгілі болғандай, әңгіме барысында қала тұрғыны телефон алаяқтарының құрбанына айналған.
Жанат Өтебаеваның өзі бұл іске еш қатысы жоқ және бұл іс туралы ОТЫРАР тілшісіне айтып берді. Оның аты-жөнін алаяқ әйел жамылып, азаматшаны тұрғын үй мәселесін белгілі бір сомаға шешуге уәде берген.
«Бұл әйел маған «мен сізбен телефон арқылы сөйлестім, сіз ақша сұрадыңыз» деп айтты. Әрине, мен нөмірді көруді сұрадым, содан кейін мен оған қоңырау шалдым. Сымның арғы жағында әйел өзін ТКШ бөлімінің бастығы Жанат Өтебаева, яғни мен деп таныстыруы мені қатты таң қалдырды. Мен пәтер алғым келетінін айттым, сұхбаттасым шарт қоя бастады. Шыдай алмай, мен Жанат Өтебаеваның нақ өзі екенімді айттым. Алаяқ маған балағат сөздер айтып, тұтқаны қоя қалды», – дейді Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы.
Қазір Жанат Өтебаева полицияға арыз беріп, тұрғын үй бөлімінің жалған қызметкерін жазалауды талап етіп отыр. Ал қала тұрғындарын бейтаныс адамдарға сенбеуге және ешкімге ақша жібермес бұрын ақпаратты қайталап тексеруге шақырады.