Ойынханаға қарақшылық шабуыл жасаған жас жігіттер ұсталды

61

Түркістан облысында ойынханаға шабуыл жасап, 350 000 теңгені ұрлағандар құрықталды. 7 шілде күні таңғы 4:58 шамасында қарақшылық жасалғаны туралы хабарлама түскен.

Бетперде таққан екі ер азамат кассир қызға қоқан лоқы көрсетіп, кассадағы бар ақшаны алып кеткен. Жедел іздестіру барысында облыс орталығының екі тұрғыны ұсталды. Тергеу кезінде күдіктілер өз қылмысын мойындап, қорқытқан тапаншасының ойыншық екені айтып берген.
Қазір екі азаматтың үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 192-бабы 2-бөлігі «Қарақшылық» бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүргізіп жатыр.
Сұлтанбек Үсіпбеков, Түркістан облысы Полиция департаменті КПБ-ның бастығы: «Түркістан қаласының орталығында екі бетперделі қару ұстаған азаматтар келіп, ойынхана қызметшісі мен кассирін қорқытып, сол жердегі ақшаларды алып кеткен. Аталған дерек бойынша Түркістанның азаматтары ұсталды. Қазіргі таңда бұл іс бойынша алдын ала тергеу жұмыстары жүргізілуде».
 Әсел Мәлік