Шымкентте полк командирі парамен ұсталды

45

Шымкентте полиция департаментіндегі сегізінші ротаның командирі ұсталды. Ведомствоның баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап отыр, бірақ толық мәліметпен бөлісуден бас тартты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, күдікті пара алғаны үшін қамауға алынған. Қазір қалалық тергеу соты ұсталған қызметкерді екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

«Сегізінші рота командирінің әрекеті әшкереленді. Оның «қызметтегі жалпы қамқорлығы» үшін тұрақты түрде 5-тен 10 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алып келгені анықталды».

Бұл жергілікті полиция қызметіндегі алғашқы жағдай емес. Соңғы үш айда қылмыстық қудалау орбитасында құқық қорғау органдарының 30-дан астам қызметкері мен олардың сыбайластары жауапқа тартылған. Оның 4-і сот қаулысымен қамауға алынды.

Сондай-ақ бұған дейін Патрульдік полиция полкінің төртінші рота командирі қарамағындағы қызметкерлерден ақша бопсалағаны үшін ұсталған еді.
                                                                                 Мөлдір Ибадуллаева