Шымкентте жол апатынан кейін 4 тонна қарбыз шашылып қалды

65

Шымкентте үлкен  жол апаты салдарынан 4 тонна қарбыз көшеге шашылып, үлкен кептеліс пайда болды.

17 шілде күні сағат 14:00 шамасында Жиделібайсын және Шардара көшелерінің қиылысында,  мал базарына жетпей жол апаты болды, деп хабарлады «Шұғыл шақырылым»бағдарламасының тілшісі.

Оқиғада 8 көлік соқтығысып жолды жауып қалған. Салдарынан ұзын сонар көлік кептелісі орын алды.

Алдын ала ақпарат бойынша, Howo маркалы жүк көлігіндегі тежегіш бірден істен шыққан.

Зардап шеккендердің екеуі – Газель жолаушысы және Howo жүргізушісі.

Өкінішке орай 4 тонна қарбыз артып алған «Газель» көлігінің жүгі көшеде шашылып, жарамсыз күйге түсті