Шымкенттің 11 компаниясы халықаралық көрмеге қатысуда

56

Екатеринбургте XII «ИННОПРОМ-2022» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі басталды. Қазақстандық экспозиция алаңына химия және фармацевтика өнеркәсібі, түсті және қара металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы мен жеңіл өнеркәсіп салаларынан 200-ден астам компаниясы орналасқан.

Ал оның 11-і Шымкент қаласының атынан қатысып, өз өнімдерін ұсынуда. Жалпы көрмеге әлемнің 30-ға жуық елінен делегаттар қатысуда. Ал шараның басты серіктесі ретінде Қазақстан Республикасы таңдалған.

Айта кетейік, индустрияландыру саласының басты өнеркәсіптік көрмесі шілде айының 4-7 аралығында өтеді.

Мөлдір Ибадуллаева