Түркістан: Малға екпе салынғаны туралы жалған құжат толтырып келген

139

Түркістан облысында төрт-түлікті дәрілеу кезінде бірқатар заңбұзушылыққа жол беріліп келген. Нақтырақ айтқанда, жұқпалы ауруларға қарсы екпе салынғаны туралы жалған құжат толтырылған. Ал іс жүзінде ірі қара мен ұсақ мал мүлдем егілмеген болып шықты.

Прокуратура жүргізген тексеру барысында аталған олқылықтар анықталған. Қадағалаушы орган өкілдері Түлкібас, Жетісай және Сайрам аудандарында сатылып кеткен малға да екпе егілді деп жалған есеп берілгенін айтты. Мысалы, Түлкібас ауданындағы 9 ауылдық округте тұрғындардың малы тіркеуге алынбай, егу жүргізілмей келген.

Асылбек Тұршеков, Түркістан облыстық прокуратурасының аға прокуроры: «Осылар бойынша ветқызметкерлерден, ветдәрігерлерден түсініктемелер алынды. Ұсынудың қаралу нәтижесімен бірқатар облыс көлеміндегі аудандардағы ветеринариялық пункттердің меңгерушілері, оның филиал басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады».

Гүлдана Дәурен