Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы қайта реттеледі

87

Қазақстанда өңірлердегі әлеуметтік маңызы бар тағамдардың бағасын реттеуге арналған айналымдағы қаражат пен қаржыландыру жүйесі қайта қаралмақ. Бұл туралы вице-премьер, Cауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Атап айтқанда, мемлекет ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен бес түрлі тауар бойынша келісім-шарт жүйесін жасақтауға көшпекші. Мұндай келісімнің мәні – өнім өндіруге нақты тапсырыс жасалады және олар белгіленген мерзімде және белгілі бір шарттарда жеткізілуі керек болады. Сол арқылы тапшылыққа жол бермеу және негізгі азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқынын төмендету көзделіп отыр.

Сонымен қатар, бағаны бақылауға тікелей жауапты өңірлік комиссиялардың жұмысы да қайта қаралмақ.