Асар-2 шағынауданын инфрақұрылыммен қамту жұмысы жалғасып жатыр

51

Шымкенттегі Асар-2 елдімекенін сапалы ауыз су, электр қуаты және табиғи газбен қамту құрылысы 2021 жылы аяқталып, 2700-ден астам абоненттің мәселесі шешімін тапқан еді. Алайда, шағынауданда мыңға жуық тұрғын үй инфрақұрылым жобаларына енбей қалған болатын.

Жыл соңына дейін қалған аумақтарды ауыз сумен қамту құрылысының ІІ кезеңі аяқталады. Сондай-ақ, табиғи газбен қамту жұмысы да қатар жүргізілуде. Қазіргі кезде құрылыстың 40%-ға жуығы аяқталды. Пайдалануға 2023 жылы беріледі деп жоспарданып отыр.

Бұдан бөлек, Асар-2 елді мекенінде кәріз құрылысы қарқын алған. Бүгінде оның 60%-дан астамы орнатылды. Нысан келесі жылы қолданысқа беріледі.

Мөлдір Ибадуллаева