Автокөлік жүксалғышынан қару табылды

65

Миллионды қала – Шымкентте «Қару» жедел-профилактикалық іс шарасы қарқынды жүріп жатыр. 2022 жылдың 8-тамызында Патрульдік полиция полкінің инспекторлары күмән тудырған «Daewoo Nexia» маркалы автокөлікті тоқтатқан.Автокөлікті қарау кезінде артқы жүксалғышынан қару табылды.

Тәртіп сақшылары тез арада жедел-тергеу тобына хабар береді. Анықталған затты қайдан алғаны және қандай мақсатта алып жүргені бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу үшін азамат Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жеткізілді. Сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
Аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін, азаматқа қатысты құқықтық баға берілетін болады.
Айта өтетін ақпарат, қала аумағында атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, азаматтық және қызметтік қару айналымына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы қолға алынған.
Іс-шара Шымкент қаласы аумағында 2022 жылдың 4-13-тамыз аралығында өтеді деп жоспарланған.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері қаруды дер кезінде тіркеп, оның сақтау ережелерін бұзбауға кеңес береді. Қару, оқ-дәрілеріңіз болса, заңға сәйкес құжаттандырылғанын қадағалаңыз.