Азаматтар тұрғын үй саласына қатысты сұрақтарға телеграм бот арқылы жауап ала алады

48

Енді тұрғындар баспана мәслесіне қатысты сұрақтарына жауап алу үшін телеграм ботқа жүгіне алады. Аталған онлайн телеграм бот парақшасы kezekte.kz электрондық порталының ішінде орналасқан. Азаматтар электрондық порталға кіріп, QR кодты сканерлеу арқылы телеграм бот парақшасына өтеді.

Мұнда тұрғын үй саласына қатысты яғни тұрғын үй кезегіне тіркелу немесе жастар бағдарламасына қатысты сондай ақ тұрғын үй сертификатына өтінім жіберу, барысында орын алған кез келген техникалық сұраққа сайт әзірлеуші мамандар (разработчиктер) онлайн түрде дер кезінде жауап береді. Бұл бірінші кезекте халықтың уақыт үнемдей отырып, тұрғындардың үйінен шықпай-ақ ғаламтор арқылы құжаттарды рәсімдеу үшін құқықтық кеңес түрінде жүзеге асырылуда.