Балаларының көзінше әйелін ұрып өлтірген ер адам 17 жылға сотталды

24

Балаларының көзінше әйелін ұрып өлтірген азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Сот ер адамға 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Айыпталушы жазасын қауіпсіздігі ең жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, қылмыстық іс ҚК-нің 99-бабы 5-тармағының 2-бөлігімен қаралған.

Бұл бойынша айыпталушыға 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не мүлкі тәркіленіп немесе онсыз өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Алайда, сот барысында бірнеше жеңілдетілген және ауырлатылған мән-жайлар назарға алыныпты. Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қасым Қалмағамбетов, Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы: «2022 жыллың 28 сәуірінде М. үйде алкоголь ішіп, 5 жыл бұрын әйелінің сатқындықтарын есіне алып, ашу үстінде қызғанышпен жас балаларының көзінше оны екі қолымен, аяғымен ұрған. Жәбірленуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Жаза тағайындау кезінде сот қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сотталушының жеке басын, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды назарға алды. Сот сотталушының қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән – жай деп таныды-соттылықтың болмауы шын жүректен өкіну. Ауырлататын жағдай – мас күйінде қылмыс жасау».

Мөлдір Ибадуллаева