Енді жол сапасы туралы құпия шағым түсіруге болады

41

Енді сапасыз жол туралы құпия түрде шағым түсіруге болады. Бұл туралы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді. Айтуынша, бірлестіктің ресми сайтындағы мәліметтерді пайдаланып, әр азамат өз бетімен жолдың сапасын тексере алады. Тіпті, сайттағы арнайы байланыс деректері арқылы мамандарға хабарласып, бірге мониторинг жүргізуге де мүмкіндік бар.

Шұрық-тесік жол туралы шағымыңызды Adildik.kz сайтына немесе «1463» call-орталығына хабарласып білдіруге болады.

Дидар Смағұлов, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры: “Adildik.kz сайтына сапасыз, шұрық-тесік жолдың фотосы мен видеосын жіберуге болады. Тіпті аты-жөніңізді айтпай, құпия түрде де шағым түсіре аласыз. Ең бастысы, ақауы бар жолдың нақты орнын жазып, фото немесе видеоайғақ салу қажет. Сол фото, видео арқылы мониторинг, тексеру жүргіземіз”.

Мөлдір Ибадуллаева