Мас халде көлік басқарған 31 адам ұсталды

17

Шымкент ҚПД ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 19-шілдесінен бастап «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.Мақсаты – қала аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Осы орайда, Шымкент қаласы бойынша іс-шараның 13 күнінде 14052 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 308 автокөлік айыптұраққа жеткізілді.
Атап айтқанда: тиісті рұқсатынсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 141, рейс алдындағы міндетті техникалық және медициналық байқаудан өтпеген – 42, техникалық байқаудан өтпеген – 318, темір тұлпар тізгінінде ұялы телефон пайдаланған – 556 тұлғаға хаттама толтырды. Жол үстінде қауіпсіздік белдігін тақпаған – 1882, басып озу немесе маневр жасау тәртібін бұзған – 204, қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 22, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп кеткен – 197, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 173, авариялық жағдай туындатқан – 36, темір жол өтпелерінен өту қағидаларын бұзған – 47, көлік құралын мас күйде басқарған – 31, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 182 жүргізуші анықталды.
Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолағынан емес, кез келген жерден жолды кесіп өтпек болып, апат тудыруға себепкер болуы мүмкін дегендер саны да аз емес. 1295 жаяу жүргінші жол ережесін бұзған.
Мемлекеттік техникалық байқаудан өтпегендерге көлік құралын басқаруы үшін қайтадан тексерістен өтуі керектігі түсіндірілді.