Мүгедектік пен асыраушысынан айырылу бойынша 254 млрд. теңге жәрдемақы төленді

42

Жыл басынан бері қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша 254 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді.

Шілде айында республикалық бюджеттен мүгедектік бойынша жәрдемақыға 28,8 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік қолдауға 8,6 млрд теңге бөлінді.

1 тамыздағы дерекке сай, елде  мүгедектік бойынша жәрдемақы алушы 530 мың адам бар, оларға төленетін көмек көлемі орта есеппен 54 мың 339 теңге. Асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатын 179  мың адамға ай сайын 47 мың 763 теңге төленеді.

Шынар Оразова