2 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті Қарағандыдан табылды. Түркістан облысы, Созақ аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғынның айтуынша, үй ауласына белгісіз біреу кіріп, қорасынан темір кесетін құрылғыны ұрлап кеткен.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды. Полицейлер қылмысты ашу барысында 2 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті ер адамды Қарағанды қаласынан тауып, қамауға алды. Оның бұған дейін де бірнеше рет ұрлық жасап, сотты болғандығы белгілі болды.
Тексеру кезінде күдіктінің осы уақытқа дейін Қарағандыда жалдамалы жұмысшы болып жұмыс істегендігі анықталды.
Мөлдір Ибадуллаева