Қант былтырға қарағанда 86 пайызға қымбаттаған

56
фото globalnews.kz

Өткен айда қанттың бір келісі орта есеппен 537 теңгеге дейін өсті. Ұлттық статистика бюросының дерегіне үңілсек, былтырға қарағанда тәтті өнім 86 пайызға қымбаттаған.

Әсіресе Алматы, Қонаев, Атырау қалаларында шекер құны шарықтады. Оның келісі 554-581 теңгеге сатылып жатыр. Елімізде биыл 149 мың тоннадан аса қант өндірілді. Алайда өзіміздің өнім мамырға дейін сұраныстың тек жартысын ғана қамтып келген. Қалғаны импорттың үлесі. Шет мемлекеттерден биыл 210 мың тоннадан аса қант сатып алынды.

Бұған дейін «Атамекен» палатасының өкілдері әр гектардан 40 мың тонна қант алынатынын айтқан. Сондықтан суармалы қант қызылшасы алқабын 100 мың гектардан аса ұлғайтуды ұсынып отыр. Сонда ішкі нарықтың 80 пайызын тәтті өніммен толық қамтуға мүмкіндігі болады дейді мамандар.