Қазақстанда тәрбиешілер мен мұғалімдердің жалақысы тағы 25%-ке өседі

67

Келесі жылы балабақша тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдерінің жалақысы тағы 25 пайызға көтеріледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Елордада өткен мұғалімдердің тамыз конференциясында мәлімдеді.

«Жалақы біраз өсті. Ендігі жылы президенттің тапсырмасына сәйкес тағы 25%-ке процентке артады. Бізде көбіне жалақы көбейеді дегенде мектептегі мұғалімнің айлығы ғана өсетін сияқты болып қабылданады. Бірақ 2020 жылдан бастап жыл сайын, келесі жылы да, мұғалімдердің, балабақша тәрбиешілері мен қызметкерлерінің, колледж қызметкерлерінің, қосымша білімдегі педагогтердің жалақысы 25 пайызға өседі», – деді Аймағамбетов.