Рашид Аюпов Кентау қаласының басшысы қызметінен кетті

34

Кентау әкімдігінде кадрлық өзгерістер. Рашид Аюпов кеншілер қаласының басшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды ОТЫРАР.

Шенеуніктің кеткені туралы хабар Telegram арналарында пайда болды. Бұл ақпаратты Кентау қаласының әкімдігінде растап, олар түсініктеме беруден бас тартты.

Айтпақшы, Рашид Аюпов Кентау қаласының әкімі қызметінде небәрі 5 ай ғана болды.