Шымкент: Жаңа оқу жылына қарсы 56 мыңнан астам балаға көмек көрсетіледі

85
фото 27 мектеп

Қаламызда жаңа оқу жылына дайындық қарқынды түрде жүріп жатыр. Биыл шаһардағы 861 білім беру мекемесінен 250 000-нан астам оқушы білім алмақ. Ал, мектеп формасы үшін барлығына біріңғай қою қара түс таңдалған.

Мамандардың сөзінше, бұл бастама тек білім ошақтары үшін ғана емес, ата-аналарға да тиімді болмақ. Сондай-ақ, дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы да іске кірісті. Бұл жолы аталған жоба арқылы мектепке баратын қанша балаға және қалай көмек көрсетіледі?

Биыл Шымкентте мектепке баратын оқушылардың 71 мыңға жуығы әлеуметтік көмекке мұқтаж. Олардың 56 мыңнан астамына республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы барысында көмек көрсетілмек. Ол үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд. 965 млн. теңге қарастырылған. Маманның сөзінше, әр балаға көмек ретінде берілетін сома былтырмен салыстырғанда 16% -ға өскен. Сондай-ақ олар, қосымша демеуші табылған жағдайда қалған балаларға да көмек көрсетілетінін жеткізді.

Жанат Тәжиева, Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы: «Бірінші кезекте әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына,екінші кезекте күн көріс жағдайы төмен отбасы балаларына, үшінші жетім, ата анасының қамқорлығынсыз қалған отбасы балаларына, төртінші көп балалы болғанымен, үйінде айлық жалақысы жетіңкіремейтін отбасы балалрын арнайы комиссияда шешім қабылдап, бүгінгі таңда 56 886 баланы анықтадық. Бұл бағыттағы жұмыстар 20 тамызға дейін толығымен ата-аналар есепшотына берілетін болады».

Жаңа оқу жылында қаламызда 250 000 – нан астам бала мектепке барады. Ал, мектеп формасы үшін барлығына біріңғай қою қара түс таңдалған. Барлық оқушылар бір түсте киініп, бірі-бірінен тек мектеп эмблемаларымен ғана ерекшеленеді. Шаһардың бас ұстазы бұл бастама тек білім ошақтары үшін ғана емес, ата-аналарға да тиімді, дейді.

Жанат Тәжиева, Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы: «Шымкент қаласы қою көк түсті таңдап отыр. Яғни бұрын бізде ондай түсті форма болған, дегенмен де, бала мектептен мектепке ауысқан кезде ата-аналарға да бұл өте ыңғайлы болады. Ата аналар былтырғы өздерінің әпкелерінен ағаларынан қалған мектеп формалары болатын болса, басқа түсте әрине оныв киюге болады. Бұрын алынып қойған болса. Ал осы мектеп формаса әлсін әлсін өтіп кететін боламыз».

Сондай-ақ, білім басқармасының басшысы биыл 2 сынып оқушылары баспадан жаңа басылыммен, жаңа мазмұндамамен шыққан жаңа оқулықтармен оқитынын жеткізді. Бүгінде, мегаполис мектептерін оқулықпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл істі 25 тамызға дейін толығымен аяқтау көзделіп отыр.

Жанат Тәжиева, Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы: «Бүгінгі таңда оқулықтарды толығымен қамтамасыз ету жұмыстарының 60 пайызы аяқталды. Қалған пайызы 25 тамызға дейін баспалардан келісімшарт арқылы жеткізілетін болады. Әрине, көптеген ата-аналардан жеке меншік білім беру ұйымдарында берілетін оқулықтар сынға ұшырап жатады. Ол бағытта жеке меншік кәсіпкерлер оқулықтарммен қамтамасыз ету керек».

Биыл мегаполисте бас аяғы 861 білім беру мекемесі жаңа оқу жылын басталғалы отыр. Мектепке баратын 250 мыңнан астам оқушының арасында бірінші сыныпқа қабылданатындар саны 28 мың. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 3 мыңға өскен. Айта кетейік, биылғы оқу жылы қарсаңында 117 білім беру ұйымының басшыларын ротациялау жұмыстары да жүргізілді.

Аида Қарсыбайқызы